26 қаңтар 2021 09:11

Оралда 18 жастағы жігіт әріптесін сабап өлтіре жаздаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оралда екі әріптес төбелескен. Қазір олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, екіншісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оралда екі әріптес төбелескен. Қазір олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, екіншісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілінің айтуынша, 23 қаңтарда таңертең орталық базарда жұмыс істейтін екі жүк тасушы төбелес болған. Бұрын қылмыстық жауапқа тартылған 26 жастағы оралдық 18 жастағы әріптесі үлкендігін құрметтемейтініне наразы болған.

"Түсте ер адам әріптесінің жұмыс орнына шағыммен қайтып келген. Жастар арасында жанжал пайда болып, төбелескен. Сол кезде 18 жастағы жігіт әріптесін қатты жарақаттаған. Жәбірленуші қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полицейлер 18 жастағы жігіттің Орал полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті. Аталған дерекке байланысты Абай полиция бөлімі ҚК-нің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети