10 ақпан 2022 15:49

Оралда автобус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамдардың арасында қандай мәселе туындағанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамдардың арасында қандай мәселе туындағанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 10 ақпанда таңертең Абай даңғылында, автобус аялдамасы маңында болған. Видео авторының  айтуынша, оқиға болған кезде жұмысқа бара жатқан.

"Автобус жүргізушілері төбелесті. Қазір жол жүру құны - 80 теңге. Бір жағынан бұл 80 теңге үшін күрес секілді көрінді", - деді ол.

Полиция департаменті қызметкерлері қазір тәртіп бұзғандардың іздестіріліп жатқанын айтты.

"Оқиғаға қатысушылар құқық қорғау органдарына жүгінген жоқ. Тәртіп бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылады", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, қала тұрғындары жолаушылар көлігіне үнемі наразылық білдіреді. Олар жүргізушілердің қозғалыс кестесін сақтамауына және көліктердің жағдайына шағымданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.66   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети