22 маусым 2021 13:17

Оралда мас күйде жол апатына ұшыраған полиция бастығы қамаудан босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жол-көлік оқиғасына себеп болған Абай қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесі бастығына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жол-көлік оқиғасына себеп болған Абай қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесі бастығына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 маусымда таңғы сағат 3 шамасында Volkswagen Passat көлігі тізгініндегі полицей Audi A4 көлігімен соқтығысқан. Кейін полиция қызметкері көлікті мас күйде жүргізгені анықталған. Ол сотта өз кінәсін мойындады.

"ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 3-бөлігі ("Мас күйде жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер") бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді", - деді сотта.

Алайда полиция қызметкері қамаудан босатылған. Өйткені бапты құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдану мүмкін емес (ӘҚБтК-нің 32-бабы 2-бөлігі).

"Сондай-ақ, полицейге тәртіптік жауапкершілік артылуы мүмкін. Шешім қабылдау үшін іс материалдары Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне берілді", - деп толықтырды сотта.

Еске салайық, бұған дейін жол-көлік оқиғасына кінәлі адам кешке жұмыстан кейін ішімдік ішкенін, бірақ кейін жұмысқа шұғыл шақырылғанын айтқан болатын.

"Қазір факт бойынша қызметтік тергеу басталды. Полицейдің бұған дейін атқарған еңбегіне қарамастан, органдардан босатуға дейін шешім шығарылады", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети