18 тамыз 2020 13:06

Өскеменде есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"Қарасора-2020" жедел-профилактикалық шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция өткізген.

"Ағасы мен інісі заңсыз бизнес құрған. Олар еліміздің оңтүстігінен Шығыс Қазақстан облысына есірткі жеткізген. Арнайы операция барысында қылмыс ашылды. Тәртіп сақшылары 15 миллион теңгенің гашишін тәркіледі", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктілер ескірткіні Алматыдан Өскеменге жеткізу үшін логистикалық компаниялардың қызметін пайдаланған. Арнайы операция барысында ағайындылар ұсталған. Олардан 157 полимер орама тәркіленді. Тексеріс барысында оның гашиш екені анықталды. 

"Үш адамның есірткіні жеткізу және оны сатуға қатысы бар екені анықталды. Олар қамауға алынды. Күдіктілерден 7,5 келіден аса гашиш есірткісі тәркіленді. Оның шамамен 1,5 мың дозасын яғни 15 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Полицияның мәліметінше, арнайы операция барысында 1977, 1979 және 1980 жылдары туған ер адамдар ұсталды. Егер олардың кінәсі сотта дәлелденетін болса, 15 жылға сотталуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети