14 маусым 2020 14:45

Өскеменде қарулы ер адам дүкенді тонаған сәт видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қарулы ер адам дүкенді тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде қарулы ер адам дүкенді тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 маусымда кешкі сағат 18.20-да Өскемен қаласындағы дүкендердің бірін қарулы ер адам тонап кетті. Әлеуметтік желілерде талқыланған видеода күдікті дүкенге кіріп, сөмкесінен шолақ мылтық алып шығады. Сатушы қашып үлгереді.

Ал ер адам сөреден секіріп, кассадан ақша ұрлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ибраев Даур Болатович (@daur_ibraev)

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті видеоның шынайылығын растады. Қаруланған жігіт ұсталған екен.

"Шынында да, Гагарин бульварында орналасқан дүкендердің біріне белгісіз ер адам атыс қаруына ұқсас затпен шабуыл жасады. Нәтижесінде ақша ұрланды. Аталған дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлері қабылданған шаралар нәтижесінде 1983 жылы туған облыс орталығының тұрғыны қолға түсті", - деп хабарлады Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы Дәур Ыбраев.

Дәур Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети