10 тамыз 2022 11:26

Өзбекстанға 90 миллион теңге болатын 280 тонна жанармай әкетпек болғандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында құны шамамен 90 миллион теңге болатын 280 тонна жанармай құйылған 5 вагон-цистернаны заңсыз елден шығармақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында құны шамамен 90 миллион теңге болатын 280 тонна жанармай құйылған 5 вагон-цистернаны заңсыз елден шығармақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

"Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, оларды жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині саналады", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорт жасау жоспарланған.

"Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети