16 маусым 2021 09:16

Өзін пышақтап үлгерген. Нұр-Сұлтанда дүкенді тонамақ болған қарақшы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды. Қарулы қарақшы полицейлер басып кірген сәтте кеудесіне пышақ сұғып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды. Қарулы қарақшы полицейлер басып кірген сәтте кеудесіне пышақ сұғып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"15 маусымда таңғы сағат 7-де Гоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз ер адам 28 жастағы дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, сыртқа шығарып жіберген. Осы уақытта дүкенде тағы бір сатушы болған. Ер адам есіктің кілтін талап етіп, кейін нысанды ішінен жауып алған", - деді Нұр-Сұлтан полиция өкілі.

26 жастағы қыз дабыл түймесін басып үлгерген, кейін оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем барған.

Дүкен екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Полицейлер жағдайды бағалап, ер адаммен келіссөз жүргізді.

"Ол ашулы және мас күйде болды. Қарақшының қолында пышақ болды. Ол сатушыны және өзін пышақтаймын деп қорқытты. Полиция дүкенге екінші есіктен кірді.

Күдікті келіссөздерге алаңдаған кезде, жәбірленуші одан қауіпсіз арақашықтықта тұрды. Осы сәтте полицейлер дүкенге басып кіріп, ер адамды ұстады. Бірақ ол кеудесіне пышақ жарақатын салып үлгерді", - деді полицейлер.

31 жастағы қарақшы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети