29 мамыр 2020 14:13

Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған алматылық адамдарды 53 миллион теңгеге алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған алматылық ұсталды. Шығын сомасы 53 миллион теңге , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың ресми сайтын сілтеме жасап. 


Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған алматылық ұсталды. Шығын сомасы 53 миллион теңге , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың ресми сайтын сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, ер адам 2012-2016 жылдар аралығында алаяқтықпен айналысқан.

"Ол танысына Нұр-Сұлтан қаласынан 100 шаршы метр жертөлені арзан бағамен алып беремін деп сендіріп, одан жалпы соммасы 38 635 870 теңгесін алған.

Жасаған іс-әрекетіне тоқтамай, 2017-2018 жылдар аралығында сотталушы өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, банкротқа ұшыраған компаниясының бастығын танитынын айтып, ол компаниядан арзан бағаменен, аукцион арқылы автокөліктер шығарып бере алам деп, жалған ақпарат таратқан", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, сотталушы алаяқтық жолмен жәбірленушілерден барлығы 14,5 миллион теңге алған.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2 тармағы, 195- бабы 4-бөлігі 4-тармағы бойынша қаралды.

Сот үкімімен сотталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушілердің талап-арыздары қанағаттандырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети