Пара алды деген күдікпен қамауға алынған қарағандылық шенеуніктің миллиондаған қарызы болған

25 Қыркүйек 2017, 12:22
0
Пара алды деген күдікпен қамауға алынған қарағандылық шенеуніктің миллиондаған қарызы болған - © Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі

"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Ержан Отаровтың үстінен ұсталғанына дейін ірі сомадағы қаражатты (қолхатпен алып жүрген) төлету туралы алты азаматтық талап арыз түскен. Шенеуніктің 30 миллион теңгеден аса қарызы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандының азаматтық істер жөніндегі Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап.

Бірінші арыз биыл "Қазақтелеком" компаниясынан келіп түскен. Сот материалдарына қарағанда, Ержан Отаров компанияның қызметіне ақша төлемей жүрген. Нәтижесінде оның үй телефонының қарызы жиналып қлған. Осылайша, сот үкімді  "Қазақтелеком" компаниясының пайдасына шешті.

Кейінірек экс-орынбасарға қатысты басқа да арыздар түседі. Отаровтың ломбардтардың бірінен 1,4 миллион теңге көлемінде қарызға ақша алғаны анықталды. Сот мұнда да үкімді ломбардтың пайдасына шешті.

Сондай-ақ, сотқа төрт адам арыз түсірген. Осылайша күдіктінің қарызының жалпы сомасы 23 миллион 299 мың теңгеге жетті. Соттың мәліметінше, Отаров бұл ақшаның барлығын қарызға өзі ғана алмаған.

"Ержан Отаровтан 23 миллион 299 мың теңге мен мемлекеттік баж салығына 115 950 теңге көлемінде ақша өндірілісін", - делінген судьяның бұйрығында.

Еске сала кетейік, биыл 18 қыркүйекте "Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры 17 миллион теңге парамен ұсталған болатын. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Акжол ДС" ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алған "Қазақавтожолдың" Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Ғ.Мұқанов пен оның орынбасары Е.Отаровты ұстады", - делінген еді хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай