06 қаңтар 2017 12:22

Пара алғанын мойындаған Сақташ Хасеновтың қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР АШМ Комитетінің бұрынғы басшысы Сақташ Хасеновтың қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның адвокатына сілтеме жасап.


ҚР АШМ Комитетінің бұрынғы басшысы Сақташ Хасеновтың қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның адвокатына сілтеме жасап.

"Иә, қамау мерзімі ресми түрде үш айға - 2017 жылдың 7 ақпанына дейін ұзартылды. Бірақ біз қарсы болғанбыз. Тағылып отырған айып ауыр", - деп мәлімдеді адвокат Владимир Русин.

Оның айтуынша, тергеу жалғасып жатыр. Сақташ Хасеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша қылмыс жасады деген күдік келген.

Еске салайық, Сақташ Хасенов 4 қарашада бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деді Антикоррупция қызметі.

Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети