21 шілде 2016 13:33

Пара ретінде қой алған полицейлерге 3,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gbtimes.com © gbtimes.com

Ақтөбе облысында пара ретінде қойды алған полицейлерге қомақты көлемде айыппұл салынды. Қарғалы аудандық полицияның екі қызметкері Бадамшы ауылының тұрғынынан пара ретінде қозылы қойды алған. Ал айырбас ретінде полицейлер тұрғыннан табылған қаруды қайтаруға уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың шешімімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылды. Оларға 1 750 000 теңге айыппұл салынды. Сот шешіміне сәйкес, бұл соманы полицейлердің әрқайсысы төлеуі керек. Сондай-ақ, полицейлердің мүлкі тәркіленіп, олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. 

Сонымен қатар, сот шешімді шығарар кезде сотталушылардың осыған дейін сотқа тартылмағанын, олардың кәмелетке толмаған балалары мен біреуінің науқас анасы мен жүкті әйелі бар екенін, кінәны толық мойындап, шын көңілден осы іске өкініп отырғанын ескерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети