28 қаңтар 2021 17:15

"Пәтер алуға көмектесуге уәде еткен". Ақтауда алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: seyminfo.ru Көрнекі сурет: seyminfo.ru

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері пәтер алаяғын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері пәтер алаяғын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының бірнеше тұрғыны полиция басқармасына алаяқ әйелге қатысты шара қабылдау туралы арызбен жүгінген.

Арызданушылардың айтуынша, 2020 жылғы 4 қазан - 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында алаяқ ипотекаға пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, олардың әрқайсынан түрлі сомада ақша алған. Алайда уәде етілген пәтерге қолдары жетпеген тұрғындар алаяқтың тұзағына түскендерін түсініп, полицияға шағымданған.

Тұрғындар алаяққа төрт миллион теңгеден аса сомаға алданғаны хабарланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 34 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқтық деректері бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети