Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда 8 мың доллар пара алған полицей сотталды

03 Наурыз 2015, 11:11
0
©Tengrinews.kz мұрағатынан
©Tengrinews.kz мұрағатынан

Павлодарда қылмыстық іс қозғамау үшін 8 мың доллар алған полицейге бостандығын 3 жылға шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермұлатоваға сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, сот үкімімен Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы кезекшісінің көмекшісіне 3 жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру, мүлкін тәркілеу және жалпы тәртіптегі түзету колониясында бас бостандығына 3 жылға шектеу қою жазасы кесілді. Сонымен қатар, ол полицияның аға сержанты лауазымынан айырылды.

"Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы кезекшісінің көмекшісі ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды. Ол үкім шыққаннан кейін сот залында тұтқынға алынды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Ермұлатова. 

Айта кетейік, полицей өткен жылы жазда қылмыстық іс қозғамау үшін ІІБ тергеу бөлімшесінің қызметкерлеріне "сыйақы" ретінде беремін деп павлодарлықтан алдымен 3 мың доллар, кейін тағы 5 мың доллар талап еткен. Ақша берген азамат маусым айында қаржы полициясына жүгінген. Нәтижесінде тәртіп сақшысына пара беруге азғырып, өзінің қызметтік бабын пайдалану арқылы ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Еске сала кетейік, жақында осыған ұқсас оқиға Оралда да болған еді. Ол кезде екі полицей жүргізуші куәлігінен айырылған қыздан 50 мың теңге пара алып, ұсталды. Олар қызды жауапкершілікке тартпау үшін одан ақша алуға шешім қабылдаған. Мамандар жол-патруль полициясы көлігін тінту барысында ақшаны тауып, тәркіледі, қазір бұл іс тергеліп жатыр. Пара алған полицейлер 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай