26 тамыз 2022 08:58

Павлодарда қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық "zhaloby_pavlodar" Telegram-арнасында ер адамның әдепсіз әрекеті көрінетін видео жарияланған. Осылайша, полицейлер ауыл тұрғынын ұстаған. Кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы арыз түскен.

"24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, балалары көшеден жүгіріп кіріп, қарама-қарсы үйде тұратын көршісі өздеріне ұрысқанын және шалбарын шешкенін жеткізген. Ауыл тұрғыны көшеге шығып, мас ер адамға ескерту жасаған. Ол ескертуді елемей, өз дегенінде тұру үшін шалбарын шешкен", - деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

Ведомство мәліметінше, 57 жастағы ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Ол материал сотта қаралғанға дейін уақытша ұстау камерасына қамалған. Ал 25 тамызда сот қаулысымен ер адам жеті тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети