30 шілде 2021 09:21

Павлодарда полицейге былапыт сөз айтқан кәсіпкер жазаланбады

Видео кадры Видео кадры

Қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған полицейге былапыт сөз айтқан павлодарлық кәсіпкер жауапқа тартылмады. Сот сарапшылары 53 жастағы ер адам айтқанында полицейдің ар-намысына тиетіндей сөз болмады деген шешімге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған полицейге былапыт сөз айтқан павлодарлық кәсіпкер жауапқа тартылмады. Сот сарапшылары 53 жастағы ер адам айтқанында полицейдің ар-намысына тиетіндей сөз болмады деген шешімге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық кәсіпкер билік өкілін қорлады деген күдікке ілінген. Оқиға былтыр қарашада Павлодар облысы Шарбақты ауылының жанындағы блокбекетте болған. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері тоқтап тұрған көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағанын байқаған. Полиция қызметкері ер адамға ескерту жасап, қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған, бірақ ол дөрекілік көрсеткен. Жүргізушінің дөрекі мінез-құлқы полицейде тұрған камерада жазылып қалған.

"Інім, сен өзі кіммен сөйлесіп тұрғаныңды, өзіңді қалай ұстау керегін білмейтін сияқтысың", - дейді кәсіпкер видеода.

Құқықбұзушы жергілікті кәсіпкер болып шыққан, бұрын Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болған. Оқиғадан кейін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 667-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып және ол уақытша ұстау камерасына қамалды.

Полицейлердің айтуынша, жүргізуші өзін дөрекі ұстап қана қоймай, былапыт сөздер айтқан. 

Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі бойынша жарты жылдай жүргізілген. Іс бойынша екі рет сот-филологиялық сараптама жүргізілген. Соңғы сараптама бойынша іске нүкте қойылған. 

"Сот-филологиялық сараптама қорытындысы бойынша, С. есімді ер адам осы коммуникатив жағдайда сөйлеген сөзінде дөрекі сөздер адресаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорламайтыны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша ҚІЖК-нің 35-бабы 2-тармағының 1-бөлігі негізінде істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети