25 қыркүйек 2019 09:31

Павлодарда үй ауласында жас қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Видео кадры Видео кадры

Павлодардағы үй кіре берістерінің бірінде жас қызға шабуыл жасалған. Бұл сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодардағы үй кіре берістерінің бірінде жас қызға шабуыл жасалған. Бұл сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызға шабуыл жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Instagram желісінде тарап кеткен видеода қыз үйге кіріп, артынан басына капюшонын киіп алған ер азамат кірген. Белгісіз адам қызға шабуыл жасап, мойнынан қысқан сәтте зардап шегуші қашып құтылуға тырысқан. Бірнеше секундтан кейін ер адам қолына қоржын асынып, қашып кеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Здравствуйте! На мою подругу напали в подъезде с ножом! Г павлодар! В милицию она обратилась но там даже заявление не приняли! Будьте внимательны! Надеюсь его кто нибудь узнает! #жалобыпавлодар #zhaloby_pavlodar #pavlodar #павлодаржалобы #отзывыпавлодар #акиматпавлодар #акиматпавлодара #zhaloby_pavlodar ????Если Вы стали участником или очевидцем проишествия, поделитесь информацией, отправляйте в директ. _____ Не терпи, расскажи ______ @zhaloby_pavlodar

Публикация от ПАВЛОДАР ЖАЛОБЫ (@zhaloby_pavlodar)

Кейіннен оқиғаның Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде болғаны анықталған. Зардап шегуші жазбада полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ полиция өкілдері оның арызын қабылдамаған екен. Зардап шеккен қыз құрбыларымен бірге бақылау камерасына түсіп қалған видеоны тауып алып, ер адамды таныған адамдарға іздеу салған. 

Полиция өкілдері шағым түскеннен кейін бірден автоматты түрде тіркелгенін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети