Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Павлодарлық полицей табель қаруы үшін өлтірілген

22 Маусым 2015, 11:48
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Павлодарлық полицейді табель қаруын тартып алмақ болып, өлтірді дделінген күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдары күдіктінің кісі өлтірген қаруы - ас пышағын, сонымен қатар, қан тиген киімін тәркіледі.

"Ұсталған адам - Жамбыл облысының 1982 жылғы тумасы. Өз кінәсін мойындады, бұл әрекетін ол табель қаруын алғысы келгендігімен түсіндірді", - деп хабарлады баспасөз мәслихатында облыстық ІІД басшысы Марат Қожаев. Ол күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғындардың көмектескенін айтып берді. Видеобақылау камераларында бекініс пунктінен бір адамның қашып бара жатқанын көруге болады. Тексеріс кезінде күдіктінің қашып кірген пәтері табылды. Бұл пәтерде оның туыстары тұрып жатқан, олар өз кезегінде күдіктінің пәтерге жүгіріп кіргенін және киімін ауыстырып, қайта қашып кеткенін айтып берді. Туыстары полицияға көмек көрсетті.

Қожаев бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді. Облыстық ІІД басшысының айтуынша, күдікті полицияның бекініс пунктіне келіп, тәртіп сақшысының кеудесіне және мойнына бірнеше рет пышақ салған. Өлген полицейдің табель қаруы болмаған және өзін қорғай алмаған. Сонымен қатар, кезекшілікте екі адамның болатыны, алайда оқиға болған күні олардың бірінің шақыртуға кетіп қалғаны анықталды.

Қаза болған адам Павлодар ішкі істер басқармасының орталық бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Арли Харли Нехарович, 1985 жылы дүниеге келген. 2009 жылдан бері полиция қызметкері. Оның соңында бір қызы қалды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай