Педофилді ұрып, видеоға түсірген полицей жұмыстан қуылды

25 Шілде 2017, 01:13
5
Педофилді ұрып, видеоға түсірген полицей жұмыстан қуылды - Видео кадры
Видео кадры

Интернетте Сәтбаев қаласында ұсталған педофилді ұру әрекеті түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан полицияның жас сержанты ашуға беріліп, күдіктіні ұрғанын көруге болады. Ал қала тұрғындары полицейді қорғап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ұрып-соғу әрекеті түсірілген. Жас сержант бастапқыда камерасын қосып, кейін жартылай ашық тұрған есікті құлыптап жабады да, күдіктіге аяғымен белден төмен соққы жасайды. Осы әрекеті барысында тәртіп сақшысы былапыт сөз айтып, күдіктіден үндемеуін талап етеді. 

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметіне қарағанда, жас сержант қарауыл болып қызмет еткен және ендігі жұмыстан шығарылған. 

"Тергеу әрекеттерінен кейін тергеуші кабинеттен шығып кеткеннен кейін қарауылдардың бірі полиция сержанты қол жұмсаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сержант құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылып, қамауға алынды. Оның басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер бұл істі жүргізген тергеушінің тергеуден шеттетілгенін айтты. Зорлау ісі бойынша қылмыстық іс басқа тергеушіге жүктелген. 

Ал Сәтбаев қаласының тұрғындары жұмыстан қуылған сержантты жақтап шықты. Қолданушылар әлеуметтік желілерде полицейдің бұл жағдайда дұрыс істегенін айтып отыр. Көбі тіпті полицей оны аяды дегенді айтып, наразы пікірлерін қалдыруда. 

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының 5 жасар тұрғыны 23 шілдеде жоғалып кетіп, кейін 50 жастағы осы педофилдің пәтерінен табылған еді. Ер адам қызды зорлағанын мойындады. Айта кетейік, қыздың жоғалып кеткені туралы алғаш әлеуметтік желілер арқылы белгілі болған. Қызды алдымен әкесі және бей-жай отыра алмаған тұрғындар іздеген. Істен оң нәтиже шықпаған соң әкесі полицияға хабарласқан. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицейлердің қызды 50 жастағы қала тұрғынының пәтерінен тапқанын хабарлады. "23 шілдеде Сәтбаев қаласының 40 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Ішкі құрам бірден іздеуге кірісті. Жедел-іздеу тобы әр пәтерді аралап, қызды тапты. Полицейлер 50 жастағы тұрғынды оқиға орнында ұстады, ол қызды алдап пәтеріне кіргізіп, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындап отыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ер адам он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай