10 қараша 2020 15:49

Петропавлда ұры самокатшылар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда ұры самокатшылардың қылмысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Петропавлда ұры самокатшылардың қылмысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны ұрылардан зардап шеккен. Түнде қиылыста оны белгісіз ер адамдардың тоқтатқанын айтқан. Зардап шегуші оларға мән бермей, үйіне асыққан. Алайда олар самокатпен қуып жетіп, ақша талап еткен. Кейін оны соққыға жығып, ұялы телефоны мен құжаты салынған әмиянын алып кеткен.

"Шұғыл қызмет мамандары жатақханалардың бірінде самокатты байқап қалып, оның иесін анықтады. Оның ұрлыққа қатысы бар болып шықты. Нәтижесінде 20 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар кінәсін мойындады. Екінші бөлім қызметкерлері ол кезде қиылыстағы және үйдің маңындағы камераларды тексерді. Олардың ұрлық жасағанына ешқандай күдік қалмады. Біреуінен зардап шегушінің ұялы телефоны, екіншісінен әмияны алынды", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети