22 қаңтар 2021 08:56

"Полицейлер қасақана жасайды". Екібастұз тұрғыны Instagram-дағы посты үшін сот алдында жауап беруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз тұрғыны әлеуметтік желіде жергілікті полицейлер жасөспірімдерге дәмханалар мен дүкендерден алкоголь сатып алуға мәжбүрлейді деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, полицейлер осылай кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандарды анықтап, айыппұл салады. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұз тұрғыны әлеуметтік желіде жергілікті полицейлер жасөспірімдерге дәмханалар мен дүкендерден алкоголь сатып алуға мәжбүрлейді деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, полицейлер осылай кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандарды анықтап, айыппұл салады. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұз тұрғыны бір жігіттің фотосын жариялап, "полицейлер қасақана жасайды" деген сөздермен Instagram желісінде пост жазды. Ол жігіт камераға жай қарамайды, оны полицейлер әдейі жібереді деген ойын айтты.

"Ол полицияға жұмыс істейді. Кәмелетке толмағандар дүкенге келіп сыра алмайды, олар өздеріне сатылмайтынын біледі. Олар одан да үлкендерден алып беруді сұрайды, бірақ өздері кірмейді. Сондықтан сатушылар алаңсыз тұрады. Осындай алаңсыз тұрған кезде полицейлер жасы үлкендеу болып көрінетін жігіттерді жібереді. Бұл бірінші жағдай емес... Тіпті дәмханаларға да жібереді. Кәмелетке толмағандар сатып алғанын ішпейді де. Полицейлердің кәмелетке толмағандарды алкоголь алуына итермелеуі заңды ма?" - деп жазды әйел. 

Аймақтың ПД баспасөз қызметіндегілер посттан кейін тексеру жүргізілгенін айтты.

"Екібастұз тұрғындары сауда орындары мен көңіл көтеру орындарында кәмелетке толмағандарға алкоголь сатылатынын айтып, полицияға жүгінген. Нәтижесінде жыл басынан бері Екібастұзда полицейлер 21 жасқа толмағандарға алкоголь сатқан он жағдайды анықтады. Оларға қатысты
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Олар кез келген әкімшілік материалды прокуратура мен сот қарайтынын, содан кейін шара қолданылатынын атап өтті.

"Екібастұзда дәмханалар мен дүкендерде полицейлер қасақана жасайды" деген жазбадағы ақпарат жалған. Мұны жазған Екібастұз тұрғыны қолында дәлел болса, Жеке қауіпсіздік басқармасына жүгінсін. Егер ол келмесе, департамент онда қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети