1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Полицейлердің көз алдында тәртіп бұзған: Түркістанда Toyota Camry жүргізушісі іздестіріліп жатыр 18 мамыр 2021, 13:40

Түркістанда полиция көлігінің алдында маневр жасаған Toyota жүргізуші іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Түркістанда полиция көлігінің алдында маневр жасаған Toyota жүргізуші іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Түркістан көшелерінің бірінде болған. Бірнеше жігіт Toyota Camry 70 көлігімен оң жақтағы шеткі жолақпен қозғалып бара жатып, келесі бағдаршамға жақындағанда жүргізуші үшінші қатардан бұрылып кетеді. Жол қиылысындағы алғашқы екі жолақта екі көлік тұрған, олардың бірі полиция.

Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын байқаған тәртіп сақшылары бірден оларды қуа бастайды. Желіде тараған видеоның бәрін Toyota Camry 70 жолаушыларының бірі түсірген.

Келесі қиылысқа жеткенде тағы бір полиция көлігі жолдың жартысын жауып, тәртіп бұзушыларды тоқтатуға тырысады. Осы жерден видео өшеді. Ары қарай не болғаны әлі белгісіз.

Полиция мәліметінше, олар жүргізушіні іздестіріп жатыр. 

"Полиция Toyota Camry 70 автокөлігінің жүргізушісін анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта ол әкімшілік жауапқа тартылады", - деді Түркістан облыстық полиция департаментіндегілер.

Ескерту! Былапыт сөздер бар!

Ведомство баспасөз қызметіндегілер биыл мамырда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған тағы бір Toyota Camry 50 жүргізушісін тапқанын атап өтті. Ол да әрекеттерін видеоға түсіріп, кейін ол әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Жүргізуші жауапқа тартылды.

Құқық бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылғаны хабарланды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging