22 ақпан 2018 13:35

Полиция "Екібастұзда маньяк жүр" деген хабарлама таратқандарды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Полиция "Екібастұзда маньяк жүр" деген хабарлама таратушыларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция "Екібастұзда маньяк жүр" деген хабарлама таратушыларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД мәліметінше, қалада әйелді кастетпен ұрып кетті деген мәлімет расталмады.

Облыстық ІІД өкілдері WhatsApp-та "Екібастұзда маньяк жүр" деп таратылған аудиожазба жалған болып шықты. Онда әйел өзінің әпкесіне сілтеме жасай отырып, белгісіз бір ер адамның тапа-тал түсте әйелді кастетпен ұрып кетіп, алтын бұйымдарын және сөмкесін алып кеткенін айтады. Сондай-ақ, әйел аудиожазбада тек адам көп жерлерде жүруге кеңес береді.

Мұнымен қоса, хабарлама авторы ер адамнан зардап шеккен үш әйелдің ауруханада жатқанын айтады.

Осы орайда Павлодар облыстық ІІД мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Сонымен қатар, полициядағылар жалған хабар таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети