Приозерск прокуроры ұсталды

12 Ақпан 2018, 18:25
2
Приозерск прокуроры ұсталды - © krg.prokuror.kz
© krg.prokuror.kz

Прокуратура қызметкерлері пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск прокуроры Е.Б.Тұрысбеков пен Приозерск гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры А.У.Раджаповты 1000 доллар сомасында пара алып жатқан жерінен ұстады", - делінген хабарламада. 

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қаражат С. деген азаматтан қылмыстық істі жою үшін алынған. Іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай