03 желтоқсан 2021 10:59

Ресей тұрғыны Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алаяқтық жасады деген күдікті Ресей азаматы Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алаяқтық жасады деген күдікті Ресей азаматы Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Шубин Сергей Валерьевичті Германиядан экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Ресей азаматы неміс ет өңдеу жабдықтарын жеткізіп береміз деген желеумен Ақмола облысынан келген кәсіпкердің 170 мың еуро (84,4 миллион теңге) қаражатын алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді.

Қазақстан мен Германия арасында іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау туралы келісімді Бас прокуратура халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде жасағаны айтылды.

Қазіргі уақытта Шубин Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети