27 қараша 2020 10:03

Ресейлік 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақыны заңсыз алып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

РФ азаматы 14 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


РФ азаматы 14 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген.

"Бұл тұлға Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы РФ-на барып, сол мемлекеттің азаматтығын алды және екі мемлекет аумағында зейнетақы алып отырған. Бұл ретте ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына РФ азаматтығы бар екендігін әдейі жасырып, ҚР-да зейнетақы төлемдерін алуға құжаттар тапсырған.

Осылайша, 2006 жылдан бастап 14 жыл бойы айыпталушы ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған және мемлекетке 9,2 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірген", - делінген комитеттің хабарламасында.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети