Сақташ Хасеновтың Украинадан ет кіргізуге рұқсат бергені үшін қанша пара алғаны белгілі болды

01 Маусым 2017, 12:01
0
Сақташ Хасеновтың Украинадан ет кіргізуге рұқсат бергені үшін қанша пара алғаны белгілі болды - Tengrinews.kz коллажы
Tengrinews.kz коллажы

Астанада ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандырылған сот төрағасы Әділхан Шайхисламов жүргізу үстінде. 

Ауыл шаруашылғы министрлігінде қызмет атқарған Елена Решетько да сот алдында жауап беріп отыр. Тергеу материалдары бойынша, Хасенов пен Решетько Украинадан Қазақстанға ет өнімдерін кіргізудің қылмыстық жолдарын ұйымдастырған. 

"Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің бұрынғы басшысы Сақташ Хасенов, ішінде Елена Решетько бар бір топ адаммен 2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қарашасына дейін Астанада "Мироновская птицефабрика" жеткізушісінен шектеуді уақытша алып тастауға "Хладоленд" ЖШС Радзинскийден тікелей және өзге адам арқылы 36 миллион 140 мың 910 теңге көлемінде пара алған. Мұндай әрекетке ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы бойынша айып қарастырылған", - деп оқыды айыптау актісін прокурор Әлібек Айтжанов. 

Сақташ Хасенов 2016 жылдың қарашасынан бері қамауда отыр. Елена Решетько 2017 жылдың наурызынан бері үй қамағында отыр.

Сақташ Хасенов Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы болып 2015 жылдың маусымында тағайындалған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай