Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: күдікті Қарағандыда тергеу изоляторында өлі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сәтбаевта бес жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам Қарағандыда тергеу изоляторы камерасында асылып қалған. Мұндай мәлімет әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сәтбаевта бес жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам Қарағандыда тергеу изоляторы камерасында асылып қалған. Мұндай мәлімет әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның асылып қалғаны туралы хабарлама Instagram желісіндегі Патриот Караганды парақшасында жарияланды.

"Оны кезекші асылып қалған күйінде тапты. Күдікті 62 жаста еді. Дене жарақаты жоқ. Алдын ала болжам бойынша бұл суицид. Ақпарат сенімді, дереккөздер бұл мәліметті растады", - делінген Желіде тараған хабарламада.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті осы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"6 қазанда Қарағанды тергеу изоляторында кішкентай қызды зорлағаны үшін қамауға алынған күдіктінің денесі табылды. Келген жедел медициналық жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінде қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ. Осы дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар бес жасар қызды ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен болатын. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген еді. Кейін ол қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған болатын. Онда ер адам болған. 

Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды

Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған еді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға қатысты пікір білдірді.  ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro