19 шілде 2018 12:29

Семейде ер адам әйелдер киімімен серуендеген

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейдің 30 жастағы тұрғыны әйел адамның шомылу киімін ұрлап кетіп, онымен жағажайда серуендеп жүрген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрыны заттай дәлелдермен ұстап, бірден полиция бөліміне жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей қаласының полиция бөліміне қала нарығының бірінде белгісіз адамдардың бутиктің құлпын бұзып, ішінен 900 мың теңге көлемінде заттарды ұрлап кеткені жайлы шағым түскен, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысын ІІД баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, ұрланған заттардың ішінде әйел адамның шомылу киімі де болған. Полиция қызметкерлері бір апта ішінде ұрыны анықтап, соңынан аңдыған. Нәтижесінде ұры жағажайда демалып жатқан жерінде ұсталды.

"Тергеу барысында ұры шомылу киімінің ерлердің "күрес" жиынына ұқсайтынын, оны сол үшін киіп алғанын түсіндірді", - деп хабарлады Семей қаласының ІІБ полицейі.

Шомылу киімінен бөлек, Семейдің 30 жастағы тұрғыны көрші дүкеннен бір қап картоп және бір жәшік қияр, сондай-ақ, қызанақ ұрлағанын мойындады. 

ІІД мәліметінше, ер адам осыған дейін де ұрлық үшін сотталған екен. Қазір ол қамауға алынып,  уақытша ұстау абақтысында отыр

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети