Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Серік Ахметовтің өлімі жайлы қауесет таратқан адамға 2 миллион теңге айыппұл салынды

11 Тамыз 2015, 22:41
0
Жандос Байшеміров © Vk.com
Жандос Байшеміров © Vk.com

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет таратқан адамға Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының шешімімен 2 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне соттың кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов хабарлады.

"Сот Жандос Байшеміровты ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің 3-пунктінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деп тауып, 1000 АЕК - 1 миллион 982 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жазаны тағайындады. Сот Байшеміровты айыппұлды заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеуді міндеттеді. Сот қамауға алу бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны сот залынан шығарды", - деді ол.

Оның айтуынша, ұсталған сәтінен бастап Байшеміров сотқа дейін қамауда болған.

Еске сала кетейік, Көгершін ауылының 25 жастағы тұрғыны Жандос Байшеміров "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "Руслан Маекеев" деген жалған атпен фейк-аккаунт ашып, 9 қаңтарда Серік Ахметовтің өлімі жайлы мәлімет жазылған пост жариялады. Келесі күні бұл қауесетті Қарағанды облысының мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің өкілдері жоққа шығарды. Байшеміровты ішкі істер департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері 24 қаңтарда ұстады. Ол қауесет таратқанын растады. Ұсталған азаматтан компьютер мен ұялы телефон тәркіленген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай