09 шілде 2021 17:37

"Шашынан сүйреді": Алматыда ерлі-зайыптының жанжалы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде әйелін шашынан ұстап, жермен сүйреп бара жатқан ер адамның видеосы жарияланды. Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде әйелін шашынан ұстап, жермен сүйреп бара жатқан ер адамның видеосы жарияланды. Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан әйелдің айғайына екі ер адам жүгіріп келіп, агрессорға кедергі келтіруге тырысқанын көругне болады. 

Алматы полиция департаменті оқиғаның Думан шағынауданында болғанын айтты.

"2021 жылдың 8 шілдесінде Facebook әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде күйеуі әйеліне қол тигізгені туралы дерек анықталды.

Учаскелік инспекторлар оқиға орнына барып тексеру жүргізді. Әйел жұбайына арыз жазды. Зардап шегушіге сот-медициналық сараптамадан өтуге жолдама берілді", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Күйеуін жауапқа тарту туралы шешім сараптамадан кейін қабылданатыны хабарланды.  

"Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты әйеліне физикалық немесе психикалық азап көрсетуге тыйым салынатын қорғаныс туралы бұйрық шығарылады. ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалмен бірге Алматының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты күдіктінің мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талап белгілеу және оны апта сайын ауданның полиция басқармасына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектормен профилактикалық әңгімеге келу міндеті туралы өтінішхат дайындалды", - деді Өтебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети