31 қаңтар 2023 11:14

Шетелдіктер Алматы маңында есірткі зертханасын ұйымдастырған: істің мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы облысы ПД Фото: Алматы облысы ПД

Шетелдік азаматтар ұйымдастырған есірткі зертханаларын жасау бойынша тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шетелдік азаматтар ұйымдастырған есірткі зертханаларын жасау бойынша тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр ІІМ ЕҚҚІД және Алматы облысы Полиция департаментінің есірткімен күресуші полицейлері синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған шетел азаматтарын ұстаған болатын. Сол кезде алғашқы тәуліктің өзінде Алматы қаласына жақын елді мекендерде екі жасырын өндірістің орналасқан жері анықталған еді.

Соталды тергеу барысында Алматы тұрғынына тиесілі үй анықталды, онда қылмыскерлер есірткі синтезін жолға қоюды жоспарлаған.

"Үй өндіріске толығымен дайындалған: қабырғалар мен еден плиткамен төселген, желдету орнатылған, периметр бойынша кептіруге арналған сөрелер ілінген, бөлмелердің бірі фольга материалымен қапталған. Есірткі өндірілетін прекурсорларды – химиялық заттарды сақтауға арналған мұздатқыш камералар жабдықталған. Бір циклде 50 келіге дейін өлімге әкелетін зат өндіретін химиялық реактор жасап орнатылған", - делінген хабарламада.

Қылмыскерлер Алматы қаласының жеке секторында прекурсорлар қоймасына ыңғайлап жабдықтаған гаражды анықтады. Сол жерде полицейлер есірткі зертханасына тасымалдауға дайындап қойған жалпы көлемі 700 литр болатын химикат құйылған 22 ірі ыдысты тәркіледі.

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырылған өндіріс ауқымы екі апта сайын 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Дерек бойынша полицейлер жұмыс істеп тұрған екі зертхананы және өндіріске толық дайын бір зертхананы, прекурсорлар бар қойманы жойды. 84 келі синтетика және екі тоннадай прекурсор алынды.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы "Ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" және 297-бабы "Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде есірткі өткізу" бойынша қылмыстық істер қозғалған. Бұл баптар бойынша, мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Барлық күдіктілер қамауда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети