05 желтоқсан 2024 | 09:35

ШҚО-да арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Өскемендегі мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Өскемендегі мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың ақпан мен қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

"Follow the money қағидаты бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін Агенттіктің "Параллельді қаржылық тергеу" іске асырылып жатқан жобасы 32 миллион теңгеден астам заңсыз сыйақылар түрінде алынған қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы алғаны белгілі болды. Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, олардың қылмыстық шығу тегін жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударымдар жасаған.

"Бұдан басқа, параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық ақша қаражатына күдіктінің Өскемендегі екі бөлмелі пәтер сатып алынғаны және оны жасыру мақсатында анасына ресімделгені анықталды. Кейіннен бұл пәтер тәуліктік жалға беру үшін пайдаланылып, 1,2 миллион теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген".

Сонымен қатар, тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті соталды тергеп-тексеру басталғаннан кейін аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген. Сот үкімі бойынша, күдікті кінәлі деп танылды. Оған Қылмыстық жолмен алынған 19,5 миллион теңге болатын Өскемендегі екі бөлмелі пәтерді мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer