21 қаңтар 2021 17:36

Шығын - 26 миллион теңге. Маңғыстау облысында арқар атқан браконьерлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Фото: lada.kz ©Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды сойып бөлшектеген браконьерлер ұсталды. Деректерге сүйенсек, олар келтірген шығын сомасы 26 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жсасап.


Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды сойып бөлшектеген браконьерлер ұсталды. Деректерге сүйенсек, олар келтірген шығын сомасы 26 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жсасап.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы Талғат Аленовтың айтуынша, браконьерлік факт Қарақия ауданында 19 қаңтарда тіркелген.

Инспекторлар күдікті көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ тәртіп бұзушылар инспекция қызметкерін тыңдамаған.

"Оқиға болған жерде жедел іс-қимыл жүргізіліп, автокөлік жүргізушісі, кейін қашып кеткен үш жолаушының бірі ұсталды. Көлік салонын тексеру кезінде инспекторлар төрт қаптағы екі арқардың және екі қоян еті салынған бір пакет тәркіледі", - деп хабарлады Талғат Аленов.

Сонымен қатар, инспекция қызметкерлері құқықбұзушылардан арқардың екі терісін, басын, аяқ бөліктерін және тығып қойған аңшылыққа арналған мылтық тапты. Браконьерлерге қатысты ҚР ҚК-ның 339-бабы бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 "Алдын ала бағалау бойынша, екі арқарды заңсыз атқаны үшін келтірілген шығын сомасы 26 миллион 253 мың теңге", - деп толықтырды Талғат Аленов.

Арқар немесе тау қойы - орта және орталық Азияның таулы аймақтарында, соның ішінде Сібірдің оңтүстігінде мекен ететін тұяқты сүтқоректілер. Оны табиғатты қорғау ұйымдары қорғайды. Ал Халықаралық Қызыл кітапқа жойылып кету мүмкіндігі жоғары жануар түрі ретінде кірген. Қазақстан аумағын мекен еткен арқардың барлық бес түрі мемлекет Қызыл кітабына енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети