15 желтоқсан 2021 11:10

Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тексеріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 15 желтоқсанда таңертең болған. Белгісіз біреулер Шымкенттегі әуежайға "бомба қойылғанын" хабарлаған.

Куәгерлер арнайы қызмет пен құқық қорғау органдары оқиға орнына келіп жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Кадрларға қарағанда, әуежайдың барлық қызметкері мен жолаушыларды көшеге шығаруға тура келген.

Полиция мәліметінше, қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

"Дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети