30 мамыр 2022 15:05

Шымкент дәріханаларында психотроптық препараттар бақылаусыз сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Оңтүстік мегаполис полицейлері қатты әсер ететін психотроптық препараттарды дәріқағазсыз сатқан дәріханаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. 


Оңтүстік мегаполис полицейлері қатты әсер ететін психотроптық препараттарды дәріқағазсыз сатқан дәріханаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай 4 жағдай анықталған. 

"Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша жиналған құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаментіне жолданды, кінәлілер жауапқа тартылды", - деді Полиция департаменті өкілдері.

Былтыр Шымкентте психотроптық препараттарды бақылаусыз сатудың 11 дерегі тіркелген еді. Айта кетейік, олардың құрамында есірткі заты бар, тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан полицейлер тек дәрігердің қағазы бойынша берілетін бірқатар әсері қатты препарат бар екенін еске салды.

"Заңбұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады", - деді олар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети