Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: полиция күдіктілерді ұстады 24 қыркүйек 2022, 16:29

Шымкенттегі жатақханада студент қаза болды. Шымкент полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

"КТК" арнасы сюжетінің кадры "КТК" арнасы сюжетінің кадры

Шымкенттегі жатақханада студент қаза болды. Шымкент полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екі күдікті ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жігітке көмек көрсетіп үлгермеген.

Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.

Бұған дейін Нұрхат Дүйсеннің отбасында бес баланың жалғыз ұлы болғанын айтылған еді. 9-сыныптан кейін Манап Өтебаев атындағы Шымкент колледжіне оқуға түскен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Нұрхатты екі студент кеудесі мен иығына жасаған соққы жасаған, ол соққылардан қаза тапты. Анасы қайғылы оқиғаға колледждегі ұрып-соғу себеп болғанына сенімді. Оның айтуынша, жігіт алғашқы күннен бастап оған ақша жіберуді сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram