26 қыркүйек 2018 | 18:22

Шымкентте Абай ауылында зорланды деген балаға қатысты сот ісі басталды

© uganka.ru

Түркістан облысы Абай ауылында зорланды деген баланың ісіне қатысты күдіктінің кінәсін алқабилер тағайындайтын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшсіне Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Саммиддин Темірәлиев мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Абай ауылында зорланды деген баланың ісіне қатысты күдіктінің кінәсін алқабилер тағайындайтын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшсіне Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Саммиддин Темірәлиев мәлімдеді. 

Шымкентте Түркістан облысы Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау дерегіне қатысты сот процесі басталды. Биыл наурызда Абай ауылында баланың зорлық құрбаны болғаны туралы әлеуметтік желіде мәліметтер пайда болды. Күдіктілер қатарында бірнеше жоғары сынып оқушылары. Бірнеше елдің мамандары 14 зерттеу өткізіп, бес ай өткен соң баланың шын мәнінде зорланғаны расталды. Сот алдына кәмелет жасына толмаған 2002 жылғы оқушы күдікті ретінде келді. 

Реклама
Реклама

"Кәмелет жасына толмаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүрді. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтеді. Бұл туралы айыпталушы тарап өтінді", - деді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Саммиддин Темірәлиев.

Процеске 12 алқа би қатысады. Сот процесі жабық түрде өтеді. Тамыздың басында Бас прокуратура осы дерекке қатысты тергеу шараларының аяқталғанын мәлімдеген еді. Бұрындары осы іс бойынша кәмелет жасына толмаған төрт бала күдікті ретінде қарастырылған еді. Үшеуіне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, себебі қылмыс жасалған уақытта олардың жасы 14-ке толмаған болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Түркістан облысындағы баланың ісіне қатысты өз пікірін білдірген еді. "Ешкімді ұстап, дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Себебі барлық жерде туыстар отырған. Полиция - туысы, жоғарғы лауазымды органдар - туыстары. Тағы жоғары - туыстары. Жоққа шығару үшін, барлығын жасады", деді Қазақстан Президенті. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная