07 ақпан 2019 09:23

Шымкентте ерлі-зайыпты кәсіпкерлер қатыгездікпен өлтірілген

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

6 ақпанда түнде Шымкентте жергілікті ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Бұл туралы Timeskz.kz тілшісі хабарлады. 


6 ақпанда түнде Шымкентте жергілікті ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Бұл туралы Timeskz.kz тілшісі хабарлады. 

Қолда бар мәліметтер бойынша, қарулы адамдар үйге пластик терезе арқылы кірген. Содан кейін 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы зайыбын өлтірген, ер адам 12 пышақ жарақатын алған. 

Әзірше қылмыскерлер алтын әшекей-бұйымдарды ұрлағаны белгілі. 

"Южный Казахстан" басылымының мәліметінше, қаза тапқан кәсіпкер құрылыс компаниясының басшысы болған.

Otyrar.kz сайтындағы ақпарат бойынша, қылмыс қаланың орталығында Байтұрсынов көшесіндегі элиталы ықшам ауданында болды. Ерлі-зайыпты оқ және пышақ жарақатынан қаза тапқан. Сол кезде үйде немересі болды деген расталмаған ақпарат бар. 

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети