16 наурыз 2020 17:15

Шымкентте жемқор кеденшілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Антикоррупция қызметі ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының экс-орынбасары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Антикоррупция қызметі ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының экс-орынбасары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антикоррупция қызметінің мәліметінше, Теңлібаев пен басқа да лауазымды тұлғалар бопсалау арқылы кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып отырған.

"Сот алдында 16 адам келді, олардың 13-і - лауазымды тұлғалар: МКД басшысының орынбасары Теңлібаев, МКД Кеден бақылау басқармасы басшысы Ештаев, кеден бекеттерінің басшылары Байсапаров, Жұмабаев, Оспанов, кеден бекетінің орынбасары Бекжанов, бекеттің бас мамандары Асқарбеков, Әбілдабеков, Ізтілеу, Есқараев, Жұмағұлов, Табылдиев, Қалекеев және үш сенімді тұлға Мәліков, Тешабаев және Ералханов сот алдында жауап берді. 16 наурызда Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы тұлғаларға қатысты үкім шықты", - делінген хабарламада. 

Соттың үкімімен Теңлібаев пен Байсапаров 10 жылға, Жұмабаев, Әбілдабеков, Бекжанов, Жұмағұлов, Ізтілеу, Табылдиев 7 жылға, Асқарбеков 6 жылға, Оспанов, Ералханов 4 жылға, Мәліков пен Тешабаев 1 жылға сотталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети