19 маусым 2020 09:15

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қызды зорламақ болған адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © uganka.ru Көрнекі сурет. © uganka.ru

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қызды зорламақ болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz


Шымкентте кәмелетке толмаған екі қызды зорламақ болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Портал мәліметінше, 11 маусымда полицияға белгісіз ер адам жасөспірім қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен "Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ол қылмыстың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сол күні полицейлер 5 және 8 жастағы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты жасалған қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жедел тергеу тобын құрған.

Күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, қылмыс орын алған аудандағы тұрғын үйлерді тексерген. Жедел-тергеу тобының жедел іс-қимылының, сондай-ақ азаматтардың көмегінің арқасында аталған қылмыстарды жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген. Ұсталған азамат өз қылмысын мойындады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, екі жайт та бір күні, әртүрлі жерде және әртүрлі уақытта жасалған. Күдікті балалар ата-анасының бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, оларды түрлі сендіру сөзімен көндіріп, таса жерлерге алып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети