20 ақпан 2023 17:24

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Видеодан атыс пен айғай да естіледі.

Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген.

Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған. Соңында тәртіп сақшылары шабуылдаушыны ұстаған.

Шымкент полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылған. Бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері барды. Олар мен белгісіз қарулы адамның арасында атыс болған.

Нәтижесінде күзетшілердің бірі жараланған. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанда, қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі ұстаған.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети