04 тамыз 2022 11:14

Шымкентте қылмыстық схема әшкереленді: 53 көлік заңсыз тіркеуден өткізілген

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көрші елдерден әкелінген автокөліктерді кедендік төлем, утильалым және мемлекеттік баж төлемей тіркеудің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Шымкентте көрші елдерден әкелінген автокөліктерді кедендік төлем, утильалым және мемлекеттік баж төлемей тіркеудің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, процессинг орталығының екі қызметкері сот санкциясымен қамауға алынған. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілген.

"Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себеп пен жағдайды жою бойынша алдын алу шараларын іске асырып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттегі ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы жеті облыста соңғы үш жылда екі мыңнан аса көлік заңсыз тіркеліп, 10 миллиард теңгеден аса шығын келтірген деректер бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети