10 маусым 2020 11:09

Шымкентте медбикені зорлау ісі: дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте медбикені зорлаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте медбикені зорлаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен Н.-ға қатысты Әл-Фараби аудандық сотының 2019 жылғы 21 қазандағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды.

"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал ҚК-нің 121-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген үкімде.

Н.-ға қатысты қолданылған "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, ол сот залынан дереу қамауға алынды дейді соттағылар.

Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талап қою арызы сот алқасымен ішінара қанағаттандырылып, жәбірленушінің пайдасына сотталған Н.-дан 1 000 000 (бір миллион) теңге өндірілгені айтылады.

Апелляциялық үкім оның толық мәтіні жария етілген күні, яғни 2020 жылғы 9 маусымда заңды күшіне енді.

Шымкентте медбикені зорлау ісі. Дәрігер неге ақталып шықты?

Еске салайық, былтыр Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің ақталып шыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға өткен жылы 16 сәуірде облыстық клиникалық ауруханада болған. Олар әріптес болған, бір кабинетте жұмыс істеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети