21 қаңтар 2023 09:43

Шымкентте өртсөндіру қызметі басшысы алаяқтық жасады деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте өртсөндіру қызметінің басшысы қарамағындағылардың ақшасын алдап алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Шымкентте өртсөндіру қызметінің басшысы қарамағындағылардың ақшасын алдап алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, Шымкентте өртсөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметінше, күдікті өз қарамағындағылардың ақшасын алдап алып отырған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қатаң сөгіс алған.

"Ұсталған күдікті жақсы жұмыс істеді. Бірақ оның әрекеті құқық қорғау органдарының, Министрліктің беделіне нұқсан келтірді. Әрбір басшы өзінен бастап, Әдеп кодексін зерделеп, әріптестерін дұрыс жолға бағыттауы тиіс", - деді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети