27 шілде 2019 13:49

Шымкентте үш жасар қыз баланың өліміне қатысты істі прокурор бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Tengrinews.kz фотоколлажы © otyrar.kz Tengrinews.kz фотоколлажы © otyrar.kz

Шымкент прокуроры Мақсат Аманқұлұлы қаладағы үш жасар қыздың өліміне қатысты істі өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкент прокуроры Мақсат Аманқұлұлы қаладағы үш жасар қыздың өліміне қатысты істі өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының прокуратурасында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ұрлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның сақталу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы "МЖК" аумағында үш жасар бүлдіршіннің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жіті бақылауға алғанын атап өтіп, бұл бағытта жергілікті атқарушы және құқық қорғау орандарына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Полиция мәліметінше, қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сәбидің өлімінің себебі - құлаған сәтте өз құсығына тұншығып қалған болуы мүмкін.

Алайда нәрестенің ата-анасы қыздарының зорланғаны және өлтірілгені туралы айтады. Отбасы прокуратураға және департамент басшысына арыз жазбақшы. 

Қайтыс болған Кәусар есімді қыз Өмірбаевтар отбасындағы төртінші бала болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети