1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкенттегі мейрамханадағы атыс: күдіктілер Алматыға қашып кеткен21 тамыз 2020, 14:51

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте болған атысқа қатысты үш күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 2020 жылдың 10 тамызында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болған. Жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) және 287-бабымен (Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 12 тамызда қабылданған шаралар барысында Алматы қаласында үш күдікті ұсталып, Шымкент қаласының Полиция департаментіне жеткізілді.

14 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Шымкентте мейрамханалардың бірінде атыс болды - БАҚ

Еске салайық, 11 тамызда Шымкентте мейрамханалардың бірінде атыс болғаны хабарланған еді. "Отырар" басылымының мәліметінше, мейрамхана қоршауға алынып, аумақта полицейлердің жүрген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!