04 тамыз 2021 15:23

"СҚ-Фармация" экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Шәріп Берік Шәріп

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты үкім шығарды.

Шәріп екі бап бойынша айыпталған:

  • ҚР ҚК-ның 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану";
  • ҚР ҚК-ның 287-бабы 2-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру".

Прокурор Дастан Купербаев соттан "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Судья оны қамаудан босатып, айыппұл салуға шешім шығарды.

"Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 2 миллион 778 мың теңге сомасында 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын. Берік Шәріп 361-баптың 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталсын. ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес айыппұл түріндегі жаза мерзімі 2020 жылғы 12 тамыздан бастап 2021 жылғы 4 тамызға дейінгі кезеңде айыппұл түріндегі жазаны өтеудің 4 АЕК үшін күзетпен ұстау уақытының бір күні есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін. Берік Шәріпке тағайындалған жаза өтелді деп есептелсін және ол сот отырысында қамаудан босатылсын. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын", - деп қаулы етті судья.

Айта кетейік, бұған дейін "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Ол бүкіл денсаулық сақтау саласы мен ел үшін өте қиын уақытта жауапкершілікті өз мойнына алып, шешім қабылдағанын және сол үшін 11 жарым айдан аса уақыт бойы тергеу изоляторында отырғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети