30 қыркүйек 2016 12:44

Слекишина сот үкіміне көңілі толатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наталья Слекишина өзінің адвокатын құшақтау үстінде. © Тengrinews.kz Наталья Слекишина өзінің адвокатын құшақтау үстінде. © Тengrinews.kz

Сотталушы Наталья Слекишина өзін зорлаған тергеу изоляторының бақылаушысына қатысты шыққан сот үкіміне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйел адам сот үкіміне разы екенін мәлімдеді.


Сотталушы Наталья Слекишина өзін зорлаған тергеу изоляторының бақылаушысына қатысты шыққан сот үкіміне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйел адам сот үкіміне разы екенін мәлімдеді.

"Мен сот үкіміне ризамын, біз басқаларын да қылмыстық жауапкершілікке тартатын боламыз, себебі ол жалғыз болған жоқ. Прокуратурадан қылмыстық іс қозғауын сұрайтын боламыз. Күресетін боламыз", - деді Наталья Слекишина журналистерге берген сұхбатында. Ол мұндай жағдайға тап болған жалғыз өзі еместігін де айта кетті.

"Өз өміріңіз үшін алаңдамайсыз ба?" деген сұраққа Слекишина қазіргі уақытта өзін прокуратураның қорғап отырғанын айтқан. Сондай-ақ ол тергеу изоляторында қысым көргенін айта етті. "Олар менен адвокаттан арылуымды және арыздан бас тартуымды талап еткен болатын. Олар маған не айтатынымды қағазға жазып берді. Мен оларға қарсылық білдірдім, факспен жіберген жазбаларын оқудан бас тарттым. Мен мұның барлығын сот отырысында оқып айтып бердім. Маған СИ-18 қызметкерлері сәлем жолдады", - деді Слекишина.

"Біз мемлекеттен оның басынан өткен жағдайлар үшін өтемақы талап ететін боламыз. Себебі оның үкімінде зорлауға рұқсат деп айтылмаған. Үкім бойынша ол өз жазасын өтеу керек, мемлекет оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Алайда мемлекет мұны қадаламаған", - деді адвокат Айман Омарова.

Осыған дейін, Түрксіб аудандық соты 37 жастағы ЛА-155/18 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырған еді. Сотталушының мүлкі тәркіленіп, майор атағынан айырылды. Сонымен қатар, Хәкімовке өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот үкімін судья Айсара Жылқыбаева шығарды.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. 

"Мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісін толтырды, онда сотталушыға мына баптар бойынша жаңа айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 4-пункті (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану), 120-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау әрекеті), 146-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (Бірнеше рет азаптау). 21 қазанда мемлекеттік айыптаушы сот процессінде тараптарға жаңа айыптауларды баяндады", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети