18 ақпан 2021 08:50

Сот Бестамақтағы шуға айналған шошқа фермасының жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  "Мой город" Фото: "Мой город"

Экономикалық сот Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметін қалдық су ағызғаны үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұдан басқа, биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Экономикалық сот Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметін қалдық су ағызғаны үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұдан басқа, биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шошқа фермасының иелеріне қатысты қатаң шаралар кәсіпорында экологиялық нормалар өрескел бұзылғаны белгілі болғаннан кейін қолданылды. Бастапқыда бұл туралы кәсіпорын орналасқан Бестамақ ауылының тұрғындары хабарлады. Жоспардан тыс тексеру барысында шошқа фермасындағы барлық өндірістік және биологиялық қалдық, тұрмыстық және құрылыс қалдықтары ауылдың жанындағы орға көмілгені белгілі болды. Ол жердің аумағы - 6 гектарға жуық. Тексерушілер 200 тоннаға жуық қалдықты қазып шығарды. Бұдан басқа, кәсіпорын екі жыл бойы қоршаған ортаға эмиссия болмай, рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды. Фермада жобада айтылған 40 мың шошқаның орнына 50 мыңнан аса шошқа болған. Барлық заңбұзушылықтан келген жалпы залал 7 миллиард теңге болды.

"Жинақтауыш тоғандарға және жергілікті территорияға өндірістік қалдық суды ағызу бөлігінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ заңбұзушылық жойылғанға дейін биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды. Жауапқа тартылған мекеме қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мүмкіндігінен айырылды", - деді судья Жанар Жұбатова.

Айта кетейік, былтыр 19 қарашада Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққаны хабарланған. Кейін шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян кәсіпорын қандай жағдайда жабылатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети