19 қараша 2020 20:17

Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоттары Видео скриншоттары

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таралған видеоға қарағанда, тұрғындардың кәсіпорынды жабуды талап еткенін аңғаруға болады. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр. Тағы бір видеодан жол талғамайтын көлік наразы топтан қашып, қақпаны қиратып өткенін көруге болады.

Облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, оқиға бүгін, 19 қарашада болған.

"Таңертең облыс әкімінің тапсырмасымен біз сол жерге шықтық. Ауыл тұрғындарымен кездестік. Жалпы алғанда, экология департаментінен, ветеринарлық бақылау комитетінен, жер инспекциясынан тиісті мемлекеттік органдардан 10 адамнан тұратын бастамашыл топ құру туралы уағдаластық. Тиісті органдар комиссия құрды. Қазір келіп түскен өтініштер бойынша тиісті рұқсат құжаттары рәсімделіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Тексеру барысында тиісті шаралар қабылданады", - деді әкім орынбасары.

Ол мәселені заң аясында шешу керегін айтты. 

"Бірақ біз зайырлы мемлекеттерде өмір сүріп жатырмыз, бәрі заң аясында болуы керек. Біз өндірісті бір күнде тоқтата алмаймыз. Сондықтан, егер заңбұзушылықтар анықталса, заңнамаға сәйкес барлық осы актілер сотқа жіберіледі", - деді Бердалин.

Ветеринарлық инспекция басшысы Темірбек Нұртазин бұған дейін ЖШС қызметіне ветеринарлық санитария бойынша шағым болмағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети